Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда Бүгінде ағымдағы жылға жоспарланған 1 577 шақырым теміржолдың 1 506 шақырымы жөнделді Бірқатар учаскелерде жұмыстар әлі де жалғасуда
Ағымдағы жылы Семей Аягөз және Мақат Бейнеу Маңғыстау учаскелерінде теміржол жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды Сонымен қатар Өзенкі Қандыағаш Астана Алматы Астана Тобыл Көкшетау Қостанай Арыс Шеңгелді және басқа да бағыттарда жұмыстар жалғасуда
2027 жылдан бастап Тобыл Қарталы теміржол учаскесін кезең кезеңімен сауықтыру жұмыстары жоспарланып отыр
Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында көлік саласын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде Бағдарлама теміржол инфрақұрылымын кезең кезеңімен жаңартуды теміржол желісінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруды көздейді
Жалпы , 2023–2029 жылдар аралығында елімізде 11 мың шақырым теміржол жолын жөндеу жоспарланған Бағдарламаны іске асырудың алғашқы үш жылында яғни 2023–2025 жылдары жоспарланған 4 353 шақырымның орнына 4 448 шақырым теміржол жолы жаңартылды Осылайша жоспарлы көрсеткіш 95 шақырымға асыра орындалды
Бағдарлама аясында Бейнеу Маңғыстау және Павлодар Семей учаскелеріндегі жұмыстар аяқталды Сонымен қатар Көкпекті Қарағайлы Атасу Қаражал Жамбыл Жаңатас және Қарабұлақ Текелі аз жүктемелі учаскелерінде 83 шақырым теміржол жолын сауықтыру жұмыстары жүргізілді
Жүргізіліп жатқан жұмыстар теміржол желісінің техникалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде Атап айтқанда жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын учаскелерде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы артты Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде тиісті учаскелердегі теміржол жолдарының жай күйі жақсы және өте жақсы деп бағалануда
Теміржол инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңарту желінің сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыруға жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс жағдайларын жақсартуға сондай ақ Қазақстанның көлік логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









