Олжас Бектенов АШМ-ға бірінші кезекте проактивті форматқа көшірілетін шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларын айқындауды тапсырды

    Олжас Бектенов АШМ-ға бірінші кезекте проактивті форматқа көшірілетін шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларын айқындауды тапсырды

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығын деректер негізінде басқарудың маңыздылығын атап өтті. Бұл өнімділікті арттыруға негіз болады.

    «Біз әркелкі салалық әкімшілендіруден ауыл шаруашылығын деректер негізінде басқаруға көшуіміз керек. Түптеп келгенде, қандай өнім, қай жерде және қандай көлемде өндіріледі, мемлекет осының бәрін нақты уақыт режимінде түсінуі керек. Ал мемлекеттік қолдау шаралары атаулы түрде, ашық әрі нақты деректерге сүйене отырып ұсынылуы керек. Дәл осы тәсіл өнімділікті арттыруға негіз болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырмалар берілді:

    Бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйені әзірлеу жұмысын жеделдету. Онда барлық негізгі процестер мен деректер өзара байланысты болуы тиіс;

    Бір ай ішінде шаруашылықтардың цифрлық деректерін пайдалана отырып, бірінші кезекте проактивті форматқа көшірілетін мемлекеттік қолдау шараларын айқындау.

    Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» компаниясы бір ай мерзімде тасымалдау туралы деректерді бірыңғай деректер қоймасына беруді аяқтау және Көлік министрлігімен бірге компанияны цифрландыруды кезең-кезеңімен дамыту жоспарын бекітіп, тасымалдарды басқарудың отандық технологияларына міндетті түрде көшу тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" жаңалықтары