
Алматы облысы суАлматы облысы әкімінің орынбасары
ресурстары және ирригация__________________Б.Бақытұлы
басқармасының басшысының м.а.«__»____________2025 ж.
_______________А.Сабитов
«__»____________2025 ж.
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
11 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу. |
Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу – бұл ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету, судың ысырап болуына жол бермеу және су ресурстарын әділ бөлу мақсатында жүргізілетін заңмен реттелген рәсім. |
Қазақстан Республикасының Су кодексі 122 бабының, 1,2 тармақтарына сәйкес Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу 1. Егер ирригациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, суаратын судың көлемін есепке алуды – ирригациялық кондоминиумның басқарушы ұйымы, ал ол болмаған жағдайда, су тұтынушыларға су беретін су пайдаланушы жүзеге асырады. 2. Ирригациялық кондоминиумның құрамына кіретін су тұтынушыларға берілетін суаратын судың көлемдерін есепке алу су тұтынушыға ирригациялық кондоминиумның басқарушы ұйымынан су беру орындарында орнатылған суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Суды есепке алу аспаптары не ирригациялық кондоминиум болмаған кезде су тұтынушыларға берілетін суаратын судың көлемін есепке алу есептік тәсілмен жүзеге асырылады. Бұл ретте шаруашылықішілік каналдар бойынша су ысырабының көлемі су тұтынушылар арасында олардың суармалы жер учаскелерінің аудандарына пропорционалды түрде бөлінеді. |
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. Қазақстан Республикасының Су кодексінің 122 бабы. |
Су, Ресурстар, Есеп, Алу, Жер, Суару, Пайдалану |
12 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су қорғау аймақтары мен жолағын белгілеу кімнің құзырында? |
Су қорғау аймақтары мен жолағының шекараларын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді. |
Қазақстан Республикасыынң Су кодексінің 123-бабы бойынша: Су қорғау аймақтары мен жолағының шекараларын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді. Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) бастамашы болады; Су қорғау аймағының жобасын жасау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді (су шаруашылығы мамандары, геодезистер қатысады); Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін; Жоба экологиялық сараптамадан өтеді; Уәкілетті органмен (экология, су ресурстары, жер қатынастары басқармасы) келісілгеннен кейін; Әкімдік шешімімен шекаралар ресми түрде бекітіледі. |
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі№ 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Су, Қорғау, Аймақ, Жолақ,Белгі |
13 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ Д.С.Нүсіп Бас маман 87087677170 |
Су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу тәртiбi. |
Су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының Су кодексімен және оған негізделген нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 123-бабы. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Шекараларды белгілеу тәртібі: - Су қорғау аймағын белгілеу қажеттілігі уәкілетті органның (Су ресурстары комитеті, Экология және табиғи ресурстар министрлігі) немесе жергілікті атқарушы органның бастамасымен көтеріледі. - Арнайы жобалық ұйымдар су объектісінің (өзен, көл, су қоймасы және т.б.) гидрологиялық, экологиялық, санитарлық сипаттамаларына сай ғылыми-техникалық негіздеме дайындайды. - Құжаттаманы келісу: - Жобалық ұсыныстар уәкілетті органмен, экологиялық, жер және санитарлық қадағалау органдарымен келісіліп, қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін. - Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бекітуі: - Шекаралар мәслихат шешімімен немесе әкімдік қаулысымен бекітіледі. |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36238 болып тіркелді |
Су, Қорғау, Аймақ, Жолақ,Белгі,Тәртібі |
14 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ Е.М.Мусаханов бас маман 87087648197 |
Ауыл шаруашылығы жерлерін суару қалай жүреді? |
Су ресурстарын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану — жалпы және арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. |
Қазақстан Республикасының113‑бабына сәйкес. Су объектілері мен су ресурстарын ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдалану Су ресурстарын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану — жалпы және арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. Кодексы Казахстана Жерүсті су объектілерін жануарларды суару үшін санитариялық қорғау аймағынан тыс жерде және суат алаңдары мен құрылғылар болған кезде ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Су шаруашылығы құрылғыларын (тоқтағыштар, қоймалар) еріген су, нөсер суы, тасқын суды жинақтау үшін пайдалану арнаулы су пайдалану тәртібімен жүргізіледі. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және мелиорациялық жұмыстар табиғат қорғау шараларымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Суару үшін пайдаланылатын судың сапасы техникалық реттеу мен санитарлық‑эпидемиологиялық нормативтерге сай болуы керек. |
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Су, Пайдалану, Жерлер, Суару, Ауылшаруашылық |
15 |
«Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» ММ Ж.Д.Малдыбай бөлім басшысы 87027202570 |
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын тұрақты суару үшін пайдалануда қандай инженерлік жүйелер қолданылады және олардың түрлері қандай? |
Жерді тұрақты суару үшін суаратын суды жеткізу және дренаждық суларды бұру мақсатында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер қолданылады. Бұл жүйелер: - Магистральдық - Шаруашылықаралық - Шаруашылықішілік болып бөлінеді. Магистральдық жүйелер мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызға ие және мемлекеттік меншікте болады, ал шаруашылықаралық жүйелер жеке меншікте де болуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасының Су кодексіне 114 бабына сәйкес 1. Суаратын суды тұрақты суару жерлеріне жеткізу және олардан дренаждық суларды бұру ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелермен жүргізіледі. Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік болып бөлінеді. Мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызы бар магистральдық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер мемлекеттік меншікте болады, шаруашылықаралық ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер жеке меншікте болуы мүмкін. 2. Суаратын суды берудің және дренаждық суды суармалы жерлерден бұрудың бірыңғай технологиялық процестерімен байланысты шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелер ауыл шаруашылығы су тұтынушыларының ортақ бірлескен меншігінде болады. 3. Су тұтынушылар қолда бар шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді тиісінше техникалық жағдайда күтіп-ұстауға міндетті. Шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітетін ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидалары негізінде жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді. |
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. |
Тұрақты, Суару, Су, Шаруашылық, Объект, Құрылысжай,Жүйе |




