
Жаркент қаласында тұрғындармен кездесулер өткізілді Жаркент қаласында қала әкімі тұрғындармен кездесулер өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Кездесулер барысында қаланы абаттандыру, жол және қалалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді. Тұрғындармен ашық диалог орнату, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдап, нақты шешімдер қабылдау – жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.




