Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

«Теңіз порты» кеден бекетінің орналасқан жері өзгерді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтарды «Теңіз порты» кеден бекетінің орналасқан жері өзгергені туралы хабардар етеді. Бұл шара мемлекеттік қызмет көрсетудің ыңғайлылығын арттыру және сапасын одан әрі жақсарту мақсатында қабылданды.
Кеден бекеті жаңа мекенжай бойынша орналасқан: Ақтау қаласы, 7-өнеркәсіптік аймақ, 43-ғимарат, Ақтау халықаралық контейнерлік хабы, ӘТК ғимараты, 1-қабат.
Байланыс телефоны: (7292) 52-59-11.
Аталған нөмір бойынша кедендік ресімдеу және бекеттің қызметі жөнінде кеңес алуға болады.









