
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы минералды су құю зауытын кеңейту жобасы бойынша инвестормен кездесті.
Кездесу барысында «Барсәт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қолдасов Али-Хасан минералды су құю зауытын кеңейту және жаңа қондырғыларды іске қосу жобасын 2027 жылдың 30 наурызына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Аудан әкімі кәсіпкерлерді қолдауға әрдайым дайын екенін атап өтіп, ауданның жер қатынастары бөліміне және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне тиісті тапсырмалар берді.
Өнеркәсіптік нысандардың кеңеюі аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа өндіріс орындарының ашылуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






