
Бүгін Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Ж. Абденова ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, мәселелерін шешу – жергілікті атқарушы орган жұмысының маңызды бағыттарының бірі.









