Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен атқаратын лауазымынан босатылды

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен атқаратын лауазымынан босатылды

    Әбдішев Батырбек Қадырбекұлы 1977 жылы 19 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесін бітірген. Мемлекеттік наградалармен «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

    1995-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 2024 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

    Төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет еткен кезеңінде Батырбек Әбдішев азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға, соның ішінде ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыруды жетілдіруге, Төтенше жағдайлар министрлігінің IT жүйелері мен платформаларын «Smart Data Uкіmеt» аналитикалық платформасымен біріктіруге, ТЖМ мен оның комитеттері және бағынышты ұйымдарының қызметін қайта жобалау мен цифрландыруға елеулі үлес қосты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары