
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырмасы аясында жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған «Жас ғалымдар шеберханасы» екі апталық оқыту жобасы басталды.
Жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда: ауыл шаруашылығы және тағам қауіпсіздігі, медицина және экология, мемлекеттік басқару, заң және заманауи технологиялар, педагогика және гуманитарлық ғылымдар.
Ашылу рәсіміне ҚР ЖБҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD Нұрбек Серікұлы Пұсырманов қатысып, жас зерттеушілерге сәттілік тіледі.
Жобаның алғашқы күнінде PhD Айсұлу Тұрсынбайқызы Молдабекова «Зерттеу дизайны» тақырыбында дәріс өткізіп, ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың негізгі тәсілдерімен бөлісті.
Алдағы екі аптада қатысушылар менторлар мен сарапшылардан тәжірибе алып, зерттеу әдіснамасы, деректерді талдау, ғылыми жазылым және ғылыми коммуникация бағыттарында білімдерін жетілдіреді.









