ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АҚБОТА НАМАЗ – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

    ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АҚБОТА НАМАЗ – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
    Қазығұрт ауданының тумасы Ақбота Намаз тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанып, Қазақстанның мерейін үстем етті.
    Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 14 елінен жиналған үздік спортшылар қатысқан дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ақбота Намаз классикалық тоғызқұмалақ бәсекесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
    Бұл – спортшының табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, қажырлы еңбегі мен жоғары шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар, ұлттық зияткерлік ойынымыз тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейдегі беделін айқындайтын айтулы жетістік.
    Айта кетейік, Ақбота Намаз – Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті.
    Жерлесіміздің әлемдік додадағы жеңісі – Қазығұрт ауданы үшін зор мақтаныш. Ақботаны тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда толағай табыстарға жетіп, көк байрағымызды биікке көтере беруіне тілектеспіз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары