“Алтын жүректі қарттарым” атты мерекелік іс-шара

    Осы мереке қарсаңында кентіміздегі Ақшатау кент әкімдігі мен Мәдениет үйі, кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруымен “Алтын жүректі қарттарым” атты мерекелік іс-шара өткізілді.
    Мерекеге орай, Ақшатау кенті мен Жарылғап батыр ауылындағы 75 жастан асқан қарттар арнайы шақырылып, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама көрсетілді. Мереке соңында қарттарымызға арналған сыйлықтар табысталды. Қарттарымыз дән риза болып алғыстары мен баталарын берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары