Заңды тұлға – резиденттің құрылымдық бөлімшесінің (филиалдың, өкілдіктің) қызметін тоқтату.

    Заңды тұлға – резиденттің құрылымдық бөлімшесінің (филиалдың, өкілдіктің) қызметін тоқтату.

    Заңды тұлға – резидент өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына бір мезгілде:

    1. қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті

    2. заңды тұлға – резиденттің өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;

    3. құрылымдық бөлімшенің тарату салық есептілігін (ағымдағы тоқсан, жыл үшін) ұсынады.

    Тарату салық есептілігінде көрсетілген салықтар мен әлеуметтік төлемдер есептілік ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төленуге жатады.

    Егер қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімше салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып табылмаса, тарату салық есептілігі ұсынылмайды.

    Салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары