
2026 жылғы 5 қазанда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 «Денисов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Мәслихаттың 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 17 «Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 69 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Бірінші мәселе бойынша "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанпиисова Марина Валерьевна тыңдалды.
Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Дюсебаев Азамат Амангелдіұлы тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кищук Надежда Суендыковна сөз сөйледі.
Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.
Отырыстың трансляциясына сілтеме:






