Мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті

    Ауданымызда мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін, өз ойын дәлелді жеткізу және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін және командалық жұмысын дамытуға бағытталған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

    Танымдық әрі тәжірибелік маңызы жоғары шараға ауданның мемлекеттік органдарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара пікір алмасты.

    Іс-шараның ашылуында ауданы әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай пікірсайыстардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызын атап өтті.

    Турнир барысында қатысушылар өз білімдері мен шешендік шеберліктерін ортаға салып, берілген тақырыптар бойынша жақтаушы және қарсы тарап ретінде пікір таластырды. Әр команда екі қатысушыдан жасақталып, бірінші және екінші спикерлер өз позицияларын дәйекті аргументтермен қорғады.

    Жарыс қорытындысы бойынша І орынды - “PRIME ERA” командасы,
    ІІ орынды - “Адал Ел” командасы,
    ІІІ орынды - “ Ұшқыр ой” және “Батыл ой-үлкен өзгеріс” командасы иеленді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы грамоталар, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары