КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі, заңды мекенжайы: Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага қаласы – көлік құралдарын сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

    Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

    Аукцион 2026 жылғы 21 қазанда сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага қаласы.

    Сатылатын мүлік туралы мәліметтер

    № 1 лот

    Жеңіл автокөлік

    • Маркасы мен моделі: Mercedes-Benz C 180 CDI
    • Түсі: қара
    • Шығарылған жылы: 2010
    • Жүріс қашықтығы: 264 790 км
    • Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 2 143 см³, дизель
    • Жалпы жай-күйі: техникалық ақаулары бар, жөндеуді қажет етеді
    • Бастапқы бағасы: 2 092 еуро (екі мың тоқсан екі еуро)
    • Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 313,80 еуро (үш жүз он үш еуро сексен цент)
    • Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 104,60 еуро (жүз төрт еуро алпыс цент)

    № 2 лот

    Жеңіл автокөлік

    • Маркасы мен моделі: Mercedes-Benz Viano
    • Түсі: қара
    • Шығарылған жылы: 2013
    • Жүріс қашықтығы: 394 007 км
    • Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 2 143 см³, дизель
    • Жалпы жай-күйі: техникалық ақаулары бар, жөндеуді қажет етеді
    • Бастапқы бағасы: 3 771 еуро (үш мың жеті жүз жетпіс бір еуро)
    • Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 565,65 еуро (бес жүз алпыс бес еуро алпыс бес цент)
    • Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 188,55 еуро (жүз сексен сегіз еуро елу бес цент)

    Қатысу шарттары және өтінім беру тәртібі

    1. Аукционға белгіленген мерзімде өтінім берген және кепілдік жарнасын төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
    2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу мына мекенжайда жазбаша түрде жүзеге асырылады: Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага қаласы.
    3. Өтінімдер 2026 жылғы 20 қазан сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
    4. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
    5. Аукцион жеңімпазы төлеген кепілдік жарна автокөліктің сатып алу құнына есептеледі. Қалған қатысушылардың кепілдік жарналары 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
    6. Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушыға мына құжаттарды тапсыру қажет:

    а) белгіленген нысан бойынша толтырылған өтінім;

    ә) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңды тұлғаның Нидерланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;

    б) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.

    7. Қатысушылар кепілдік жарнаны төлеп, өтінім бермес бұрын осы хабарландырумен, сондай-ақ сатып алу-сату шартының жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жай-күйімен танысуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті жақсартуды, өзгертуді немесе жөндеуді, сондай-ақ оны қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты салықтарды, алымдарды және өзге де шығыстарды төлеуден босатуды талап ете алмайды.

    8. Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі. Бұл ретте кепілдік жарнаны қоса алғанда, бұрын төленген барлық қаражат қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударуға байланысты банк комиссиясы да аукцион қатысушыларына қайтарылмайды. Аукционға қатысушылардың өзара сөз байласуына және сауда-саттық барысына заңсыз араласудың кез келген өзге түріне қатаң тыйым салынады.

    Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері

    Алушы: Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Kingdom of the Netherlands
    Мекенжайы: Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага қаласы
    IBAN: NL54ABNA0546544924
    Алушының банкі: ABN AMRO Bank N.V.
    SWIFT/BIC: ABNANL2A
    Төлем мақсаты: № [лот нөмірін көрсету] лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна

    Сатып алушының міндеттері және автокөліктерді қабылдап алу тәртібі

    Ең жоғары баға ұсынған сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.

    Сатып алушы автокөліктің толық құнын, бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.

    Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды, әкімшілік алымдарды, кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығысты сатып алушы толық көлемде өтейді.

    Мүлікпен танысу және байланыс деректері

    Автокөліктердің техникалық жай-күйімен танысуға, тиісті құжаттарды зерделеуге және өтінім бланкісін алуға жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжай бойынша болады:

    Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага қаласы

    Анықтама телефондары:
    +31 70 363 4757
    +31 6 84 73 97 14

    Электрондық пошта: [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары