Туған жерді көгалдандыру – ортақ міндет!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Туған жерді көгалдандыру – ортақ міндет!

    Туған жерді көгалдандыру – ортақ міндет

    Елді мекеннің көркін арттырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

    Акция аясында Қалам-Қарасу ауылдық округінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, елді мекен аумағына жас көшеттер отырғызылды. Игі шараның басты мақсаты – ауылдың ажарын арттырумен қатар, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру.

    Ағаш отырғызу жұмыстарына ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар атсалысып, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған көшет – табиғатқа жасалған қамқорлық қана емес, келешек ұрпаққа қалдырылатын игі мұра.

    Шара барысында ағаш көшеттерін отырғызуға қажетті көмекті көрсетіп, демеушілік жасаған Медет Мұқашқа алғысымызды білдіреміз. Ел игілігіне бағытталған осындай азаматтық бастамалар ауылдың көркеюіне айрықша үлес қосады.

    Туған жердің тазалығы мен көркейуі – бір ғана мекеменің емес, барша тұрғынның ортақ ісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл аумағын көгалдандыру мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

    Таза ауыл – жайлы орта, жасыл желек – жарқын болашақ!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары