«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
    «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
    2026 жылдың 2 қазан күні «К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ-де «Бала қауіпсіздігі және ата-ананың құқықтық жауапкершілігі: заң талаптарын сақтау – ортақ міндет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
    Жиынның мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
    Кездесу барысында мынадай маңызды мәселелер қарастырылды:
    🔹 бала қауіпсіздігі және ата-ананың құқықтық жауапкершілігі;
    🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу;
    🔹 «Заң және тәртіп» қағидатын отбасында орнықтыру және балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
    🔹 буллинг пен кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың және зиянды онлайн-контенттің алдын алу.
    Жиынға Тарбағатай ауданының прокуроры Смиев Алмас Сәбитұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Шектібаева Гүлнұр Советханқызы және Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Зейтин Мақсат қатысты.
    Қатысушылар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершіліктің маңызы, жасөспірімдердің қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғау жөнінде маңызды ақпарат берді.
    Бала қауіпсіздігі – мектептің, ата-ананың және бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Баланың құқығын қорғау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау – баршамызға жүктелген жауапты міндет.
    🤝 Мектеп + ата-ана + қоғам = қауіпсіз балалық шақ!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары