Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Қарағанды облысының спортшылары Азия ойындарында төрт күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды. 2026 жылдың басты додасына өңірден спорттың 18 түрі бойынша 42 спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында қатысты. Олардың жүлделері 84 медаль еншілеген және жалпыкомандалық есепте сегізінші орын алған ұлттық құраманың ортақ жетістігіне үлес қосты.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Қарағанды облысына Азия ойындарындағы алғашқы медальді Санжар Әділов әкелді. Қарағандылық спортшы ММА-дан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Оның жүлдесі Азия ойындарының тарихында айрықша орын алды: аралас жекпе-жек жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп, дәл осы Әділов аталған спорт түрінен алғашқы жүлдегер атанды.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Өңір спортшылары арасынан төрт күміс медальді қыздар иеленді. Жеңіл атлет Аделина Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден екінші орынға көтерілді. Финалда ол 54,58 секунд нәтиже көрсетіп, жеке рекордын жаңартты.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Биіктікке секіруден Кристина Овчинникова күміс медаль жеңіп алды.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Тағы бір күміс жүлдені 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алған балуан Эльмира Сыздықова иеленді.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Дзюдошы Аида Тойшыбекова Қазақстан ұлттық құрамасы сапында аралас командалық турнирде күміс жүлдегер атанды.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Қарағанды облысының қоржынына сегіз қола медаль түсті. Семсерлесуден Артем Саркисян бірден екі жүлде – жеке және командалық сайыстарда қола медаль жеңіп алды.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Сондай-ақ жеңіл атлетикадан жетісайысқа қатысқан Алина Чистякова,

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Теміртау қаласының спортшысы Дмитрий Холмогоров байдаркамен 500 метр қашықтыққа ескек есуден

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    және өңір өкілі Ерлан Тасмағамбетов батутта секіруден қола жүлдеге ие болды.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Қазақстан қоржынына көркем жүзуден тағы екі қола медаль түсті. Жұптық сайыста Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша үшінші орынға көтерілді.

    Қарағандылық спортшылар Азия ойындарынан 12 медаль жеңіп алды

    Аралас командалық сайыста да Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Оның сапында қарағандылық спортшылар Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова және Даяна Жаманшалова өнер көрсетті.

    Қарағанды облысының спортшылары Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесіне елеулі үлес қосты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары