
Қоныс аудару мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысына қатыстым.
Отырыс барысында азаматтарды Шығыс Қазақстан облысына өңіраралық қоныс аудару және тиісті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері қаралды.
Құқық қорғау қызметі аясында қоныс аудару бағдарламасына қатысатын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.









