
Бүгінде Ақтөбе облысының білім беру жүйесінде 29 мыңнан астам педагог еңбек етеді.
Елімізде педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән берілген. Биыл Ақтөбе өңірінде 5 215 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Келесі жылы тағы 4 193 педагогті оқыту жоспарланған.
Биылғы аттестаттау қорытындысы бойынша облыс педагогтерінің сапалық құрамы 7 пайызға артты. Сонымен қатар үздік мұғалімдердің 702 инновациялық тәжірибесі зерделеніп, жинақталды.
Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне 556 жас маман жұмысқа кірісті. Бұл білім беру жүйесіне жаңа кадрлар тартуға және педагогикалық әлеуетті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.









