
Газбен байланысты қауіптің алдын алу үшін тұрғындардың қауіпті жағдайдағы дұрыс әрекет алгоритмін білуі маңызды. Әсіресе үй ішінде газдың өткір иісі сезілген жағдайда әрбір секундтың маңызы бар.
Осыған байланысты ТЖМ қызметкерлері тұрғындарға газ қауіпсіздігіне қатысты негізгі сұрақтарға жауап беріп, қауіпті жағдайда не істеу керектігін түсіндіреді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.









