Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері!

    Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері!

    «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай атамыз. Сіздердің жас ұрпаққа беретін тәлім - тәрбиелеріңіз бен көрсететін үлгі - өнегелеріңіздің құндылығы өлшеусіз.Сіздер жастардың болашағына бағыт - бағдар бересіздер. Бүгін еккен білім дәндеріңіз – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

    Ұстаз жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы бүкіл қоғамның болашағын қалыптастырады. Қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің өркендеуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілеймін. Қуанышы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз жаңа жетістіктерге ұлассын!

    Мектеп ұжымдарының білім мен тәрбие беру ісіндегі белсенділігін де ерекше атап өткім келеді. Сіздер мерекелік іс - шараларды, мәдени - танымдық кездесулерді және шығармашылық байқауларды ұйымдастыруға әрдайым белсене атсалысып келесіздер. Сіздердің ұйымшылдықтарыңыз бен бастамашылдықтарыңыз – көпшілікке үлгі. Тәуелсіз еліміздің дамуына қосып келе жатқан үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!

    Құрметтіұстаздар , педагогикалық еңбек ардагерлері!

    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, шығармашылық табыс тілеймін! Шәкірттеріңіздің ықыласы мен құрметіне бөленіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары