«Таза Қазақстан»: Таразда жалпықалалық сенбілік өтті

    «Таза Қазақстан»: Таразда жалпықалалық сенбілік өтті


    Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

    Тазалық шарасына қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ түрлі сала өкілдері белсенді қатысты.

    Сенбілік барысында шағын аудандар, көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен қала аумағындағы басқа да учаскелер тазартылды. Арық-атыздар мен жол жиектері ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

    Мұндай тазалық шаралары қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

    Тазалық – ортақ іс. Таза қала – жайлы орта!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары