Қадірменді өнер сүйер қауым!

    Қадірменді өнер сүйер қауым!

    Сіздерді 9-10 қазан күндері өтетін қазақ ән өнерінің маңдайына біткен дүлдүл әншісі, сырлы сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ән-байқауының қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

    Республикалық ән-байқауда Тұрсынғазы Рахимовтың туындыларын еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар орындап, көрермендерге паш ететін болады.

    Ән-байқауының ашылу салтанаты және әнші-композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән бесік» театрландырылған қойылымы (авторы – Қ. Қиықбай, режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж. Жұманбай) 9 қазан күні сағат 19:00-де өтеді. Ән-байқауының жабылу салтанаты, жүлдегерлер мен лауреаттарды марапаттау рәсімі 10 қазан күні сағат 18:00-де өтеді.

    Біз сіздерді Семей қаласының Мәдениет сарайында асыға күтеміз!

    Тұрсынғазы Рахимовтың рухымен сырласып, жүрегіңізді ән әлдилесін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары