2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Горняк» мәдени-демалыс орталығында Алтай ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында аудандық пікірталас турнирі өтті.

    Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау, дәлелді пікір айту және өз ұстанымын сындарлы қорғау дағдыларын дамытуға бағытталды.
    Турнирді Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы, этика жөніндегі өкіл Ж. Аскарова ашып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке дамуы, қарым-қатынас мәдениеті мен мемлекеттік қызмет қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
    Пікірталасқа аудан әкімдігі мен дербес бөлімдерден құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың ұстанымдарына жауап берді. Бағалау барысында сөйлеу мәдениеті, логикалық ойлау, командалық жұмыс және сындарлы шешім ұсына білу қабілеттеріне назар аударылды.
    Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында тәжірибе алмасуға, ашық пікір алмасуға және кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
    Турнир қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға алғыс хаттар, ал жеңімпаз командаларға грамоталар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары