Департамент қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша семинарға қатысты

    Департамент қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша семинарға қатысты

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, Колумбия университетінің (АҚШ) Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі «ICAP» ұйымы, «Chevron» компаниясының қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою бойынша семинар ұйымдастырылды.

    Семинар Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ алаңында өткізілді.

    Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ұйымдардан бөлек Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова, өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелеріне жауапты қызметкер Гүлзада Нұрқасымқызы Сейітбай қатысты.

    Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларынан Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Шыңғысқан Қуатұлы Әлжанов, Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Әбілқасым Аманжолұлы Елепберген қатысты.

    Семинарда Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою жүйесі таныстырылып, ұлттық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жоспары талқыланды.

    Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқаруға арналған жаңа стандарт, жедел әрекет ету топтарын ұйымдастыру бойынша халықаралық ұсыныстар, төтенше жағдайларды стратегиялық, операциялық жоспарлау, оның тактикалық тұстары туралы айтылып, арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.

    Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар төтенше жағдайларға дайындық және ден қою жөнінде мол теориялық және практикалық мәліметтер алып, арнайы серфтикаттарға ие болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары