Ұлттық құқық қорғау орталығында этикалық мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері талқыланды

    Ұлттық құқық қорғау орталығында этикалық мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 2 қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының өкілімен кездесуі өтті.

    Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасынын 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілетті өкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

    Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және әдепті мінез-құлық стандарттарын сақтау; ойын мекемелеріне баруға тыйым салуды сақтау жөніндегі талаптарды орындау; әріптестеріне жеке немесе діни көзқарастарды таңуға жол бермеу, сондай-ақ бағыныстыларды мемлекеттік органдардың жұмысы кезінде діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеудің кез келген нысандарын болдырмау мәселелеріне арналды.Мұндай кездесулер мемлекеттік аппаратта қызметтік тәртіпті нығайтуда, құқықтық мәдениетті көтеруде және кез келген құқық бұзушылықтарға қарсы төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары