
Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Аталған күн – аға буын өкілдеріне құрмет білдіріп, олардың қоғам мен мемлекет дамуына сіңірген еңбегін атап өтудің маңызды мүмкіндігі. Елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, мол тәжірибесін аманат еткен ардагерлердің орны қашанда ерекше. Олардың өнегелі өмір жолы мен тағылымы жас ұрпаққа бағыт-бағдар береді.
Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 93 жастағы тыл еңбеккері Роза Иманбекқызы Джанзакованың шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады.
Кездесу барысында министр Роза Иманбекқызына саналы ғұмырындағы еселі еңбегі мен кәсіби жолы үшін зор ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.
«Халықаралық қарттар күні – аға буынға деген құрметіміз бен алғысымызды білдіруге тағы бір мүмкіндік.







