Математика, физика, химия: үш бағытты қатар алып жүрген ұстаз

    Математика, физика, химия: үш бағытты қатар алып жүрген ұстаз

    Бір педагогтің үш пәнді қатар меңгертіп, оқушыны олимпиада мен ғылыми ізденіске баулуы – ұстаз еңбегінің ауқымын айқын көрсетеді.

    Құдайбергенов Адильхан Қанатұлы – Екібастұз қаласындағы №16 мектептің математика, физика және химия пәндерінің мұғалімі, сынып жетекшісі, дарынды оқушылардың тәлімгері.

    Ол нақты және жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытудың заманауи тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, өздігінен ізденіп, зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беруге мән береді. Шәкірттері математика, физика және химия пәндерінен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, ғылыми жобалар мен зияткерлік байқауларда нәтижелер көрсетіп келеді.

    Педагогтің кәсіби ізденісі байқаулардағы жетістіктерінен де көрінеді. 2025 жылы ол «Үздік сынып жетекші» байқауында жүлделі орын иеленіп, «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды.

    Адильхан Қанатұлының білім беру саласындағы еңбегі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы жастарға арналған төсбелгімен де атап өтілген.

    Үш пәнді қатар оқыту, сынып жетекшілігі және дарынды оқушылармен жұмыс – бір педагогтің кәсіби ізденісін әр қырынан танытатын бағыттар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары