«БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    Көкпекті ауылдық Мәдениет үйінде дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» аудандық байқауы өтті. Биыл ұлттық рух пен баба мұрасын ұлықтаған өнер додасы 19-шы рет ұйымдастырылды.

    «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    Байқауға 50-ден аса оқушы қатысып, бірнеше аталым бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Жас талапкерлердің өнерін арнайы қазылар алқасы бағалады.

    «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    Аудан әкімі Ерлан Құсайын байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, жас ұрпақтың Бұқар жырау мұрасын насихаттап, оны келер буынға жеткізудегі еңбегінің маңызын атап өтті.

    - «Адамды тәрбиелейтін, оның ой-санасын қалыптастыратын үлкен күштің бірі – өнер. Әсіресе, атадан балаға жеткен жыр мен сөздің орны бөлек. Өйткені онда халықтың тарихы, дүниетанымы, салт-дәстүрі мен өмірлік ұстанымы жатыр. Біз бүгін неге Бұқар жыраудың мұрасын дәріптеп, оның толғауларын жас ұрпаққа қайта-қайта жеткізіп жүрміз? Себебі Бұқарекеңнің айтқан өсиеттері бүгін де өз мәнін жойған жоқ.»-деді аудан әкімі.

    Байқау қорытындысында төрт аталым бойынша бірінші орын иегерлері анықталды.

    Олар:

    «Бұқар жырау оқулары» – Арман Айтбек;

    «Жыршы-жырау» – Күнсұлу Игілік;

    «Бұқар жырауша» – Аружан Берікбаева;

    «Әлемді түгел білсе де» – Амина Баганова.

    Бас жүлдеге ие болған және жүлделі орын алған өнерпаздар облыстық кезеңде Бұқар жырау ауданының намысын қорғайтын болады.«БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    Іс-шара барысында ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – «Руханият» өнер орталығының 7-сынып оқушысы Суретші Көркем Сейтмұраттың сахнада Бұқар жыраудың бейнесін салып, оны арнайы қонақ, жыршы-жырау, «Парасат» орденінің иегері, қазылар алқасының төрағасы Алмас Алматовқа сыйға тартуы болды.

    «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ»: БАБА МҰРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

    Жас өнерпаздарға қолдау көрсеткен демеушілер де марапаттау рәсіміне атсалысты. «Polymet Solutions Corporation» ЖШС бас директоры Қуандық Қазанғапов жас қатысушылардың біріне ақшалай сыйлық табыстады.

    Жүлдегерлер марапатталып, байқауға қатысқан өзге де өнерпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бұқар жырау ауданының әкімдігі" жаңалықтары