
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан орталығындағы нөмірі 19 колледжде болып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан басшысы спорт залды, компьютерлік сыныптарын, дәнекерлеу, тігін кабинеттерін, сонымен қатар жатақхананы аралап көрді.
Колледж 2014 жылы құрылып, қазіргі таңда онда 400-ден астам студент күндізгі бөлімде грант негізінде білім алуда. Оларға 54 оқытушы дәріс береді.
Білім ошағының материалдық-техникалық базасы қалыптасқан. 180 орынға лайықталған жатақхана да бар. Студенттерге арналған үйірмелер мен спорт секциялары, психологиялық қолдау қызметі жұмыс істейді.
Колледж директоры Айдарбек Илиясов аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет беріп, оқу орнының нарыққа қажетті мамандарды дайындауда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі









