1 қазан -Халқаралық Қарттар күні.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 қазан -Халқаралық Қарттар күні.

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылдық округ аумағында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Бұл күн – өмірлік тәжірибесі мол, елдің дамуына өз үлесін қосқан ардагерлер мен қазыналы қарттарға ерекше құрмет көрсететін маңызды мереке. Іс-шара барысында қарттарға жылы лебіздер айтылып, ізгі тілектер мен алғыстар білдірілді.

    Қарияларымыздың өнегелі өмір жолы мен ақыл-кеңесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Үлкенге құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау – баршамызға ортақ міндет.

    Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары