Жылысай ауылында ауыз су жүйесін тазалау және қосу жұмыстары жүргізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жылысай ауылында ауыз су жүйесін тазалау және қосу жұмыстары жүргізілді

    Жылысай ауылында ауыз су жүйесін тазалау және қосу жұмыстары жүргізілді

    Ауыл тұрғындарын сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету — біз үшін басты міндеттердің бірі. Осы орайда, ауылдық округ әкімдігі мен белсенді ауыл тұрғындарының бірлесуімен ауыз су жүйесін тазалау және су құбырларын қайта қосу жұмыстары сәтті жүргізілді.

    🛠 Атқарылған жұмыстар:

    • Су құбырлары мен су сақтау қоймалары (резервуарлар) толық тазаланып, дезинфекцияланды;

    • Су жүйесінің ақаулары тексеріліп, техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілді;

    • Тазаланған ауыз су жүйесі қайта іске қосылып, тұрғындарға берілді.

    🤝 Өз ауылымыздың игілігі мен тазалығы үшін уақыт бөліп, жұмыстың басы-қасында болған, белсене атсалысқан барша ауыл тұрғындарына, азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз!

    Ел бірлігі мен ынтымағы бар жерде әрқашан береке болады. Ауылдастарымызды суды үнемді әрі ұқыпты пайдалануға шақырамыз! 🌊

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары