
Бұл жолы басты шабыт көзі — күздің өзі болды 🍁 Шығармашылық жұмыстарда түрлі табиғи материалдар: бүрлер, тұқымдар, кептірілген гүлдер, жапырақтар және өз қолымызбен жинауға болатын басқа да табиғи дүниелер пайдаланылды.
Қатысушылардың шеберханаға жай ғана келіп қоймай, алдын ала дайындалғаны ерекше қуантты. Әрқайсысы өзі жинаған табиғи материалдарын ала келіп, күзгі көңіл күйдің бір бөлшегін өзгелермен бөлісті.
Бүгін біз көп жиналдық. Әр қатысушы өз қиялын танытып, ерекше дүние жасап, жақсы ортада уақытын көңілді өткізді. Ең бастысы — барлығы риза болып, жүздеріне күлкі ұялап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты! ❤️
Осындай шығармашылық кездесулер шынайы шабыттың дәл жанымызда екенін тағы бір дәлелдейді. Айналаға қарап, күздің әсемдігін көре білу жеткілікті. 🍂✨









