Успен ауданында азаматтық қорғаныстың кешенді оқу-жаттығуы өткізілді

    Успен ауданында азаматтық қорғаныстың кешенді оқу-жаттығуы өткізілді

    Успен ауданында 2026 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында басқару органдарымен, азаматтық қорғаныс күштерімен және халықпен «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.

    Оқу-жаттығу барысында құрылымдарды дайындыққа келтіру, қабылдау-эвакуациялау пункттерін өрістету, авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы мен материалдық-техникалық ресурстардың жағдайы тексерілді. ТЖ салдарын жоюға бағытталған дайындық пен іс-қимылдардың үйлесімділігін арттырудыкөздеген оқу-жаттығу мақсаттарына қол жеткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" жаңалықтары