
Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
Қыркүйек айында қала әкімінің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесулері барысында айтылған тұрғындардың қоғамдық көлікке деген сұранысы ескеріле отырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында биылғы 1 қазаннан бастап бірқатар автобус бағытының сызбасы ұзарып, кесте сандары көбейтілді.
Атап айтқанда:
- №5 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;
- №9 бағыттағы автобустың қозғалыс жолы Бозарық шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлерге дейін ұзартылды;
- №12 автобус бағытының жолы «Coca-Cola» өндірістік базасына дейін ұзартылды;
- №18 бағыттағы автобустың бағыты «Цитадель» аялдамасы арқылы ұйымдастырылды;
- №21 бағыттағы автобус Құрсай шағынауданындағы Жаңақұрылыс көшесіне дейін қатынайды;
- №25 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;
- №42 бағыттағы автобустың жолы Қайтпас шағынауданынан Тұран шағынауданында орналасқан «Жас Отау» тұрғын үйлеріне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте қосылды;
- №51 автобустың қозғалыс сызбасы «Алаш» базарынан Шардара көшесіне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте қосылды;
- №54 автобустың қозғалыс сызбасы №72 мектеп арқылы ұйымдастырылды;
- №66 бағыттағы автобустың жолы Ынтымақ шағынауданындағы Жоласар көшесі арқылы ұйымдастырылды;
- №70 автобус бағытына демалыс күндеріне қосымша 2 кесте қосылды;
- №171 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;
- №206 бағыттағы автобус сызбасына қосымша 2 кесте қосылды.
Қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы тиісті жұмыс жалғасады.








