Қазақстанның Бас консулы Шанхай қаласының жаңа мэрін сайлануымен құттықтады

    Қазақстанның Бас консулы Шанхай қаласының жаңа мэрін сайлануымен құттықтады

    Шанхай, 2026 жылғы 30 қыркүйек

    2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шанхай қаласының Халық үкіметінің шақыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.

    Іс-шарада Қытай Коммунистік партиясы Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласының мэрі Чжу Чжунмин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне тоқталып, Шанхайдың халықаралық экономикалық, қаржылық, сауда, көлік және ғылыми-технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайтуды қоса алғанда, қаланы одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас консулыН.Аққошқаров Чжу Чжунминді Шанхай қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Чжу Чжунмин 2026 жылғы 30 қыркүйекте Шанхай қаласының 16-шақырылымдағы Халық өкілдері жиналысының бесінші сессиясында Шанхай қаласының мэрі болып сайланды.

    Тараптар сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Шанхай қаласын, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян және Аньхой провинцияларының бүкіл аумағын қамтитын Янцзы өзені атырауы өңірі арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады.

    Салтанатты қабылдауға Шанхай қаласы басшылығының, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Шанхай қ. (ҚХР) Бас консулдығы" жаңалықтары