Павлодар ауданында 69 қызметкерге 28 млн теңгеден астам қаражат төленді

    Павлодар ауданында 69 қызметкерге 28 млн теңгеден астам қаражат төленді

    Павлодар ауданы прокурорының тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен өткен көшпелі кездесуінде Павлодар аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтар анықталды.

    Тексеру барысында бухгалтерлік есептегі кемшіліктер салдарынан 69 қызметкер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және басқа да төлемдер уақытылы аударылмағаны анықталды. Берешектің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.

    Прокуратураның ұсынымын қарау нәтижесінде барлық қызметкер алдындағы берешек толық өтелді.

    Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Осылайша, көшпелі кездесу барысында азаматтардың өтініші негізінде қызметкерлердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылық анықталып, тиісті төлемдердің толық өтелуі қамтамасыз етілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының прокуратурасы" жаңалықтары