Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына кеңес мүшелері, Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров, Достық ауылдық округі әкімінің м.а.Ф.Мусина қатысты.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева «Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала ауданы әкімінің «Тасқала ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №11 «Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен таныстырды. Комиссия мүшелері қолдап, бірауыздан келісім берді.
    Келесі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуровтың Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және мониторинг жүргізу бойынша есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері баяндаманы талқыға салып, ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Достық ауылдық округі әкімінің м.а Ф.Мусина Достық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есебін ұсынды.
    Комиссия мүшелері есепті қаперге алып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы көрсетілуін бақылауға алынып, сапалы көрсетілуі және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылуын қамтамасыз етілуі туралы айтты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тасқала аудандық мәслихаты" жаңалықтары