
29 қыркүйекте Бірыңғай қызмет алушы күні аясында Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қала тұрғындарымен кездесу өтті.
Шараға қалалық емхана, Мансап орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты.
Тұрғындар денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы рәсімдер туралы түсініктемелер алды.
Қарым-қатынастың мұндай форматы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын қиындықтарды анықтауға және оларды шешу жолдарын айқындауға көмектеседі.









