
Алмалы ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күй анасы – Дина» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
Тұлғатану сағаты барысында қатысушыларға Дина Нұрпейісованың балалық шағы, өнерге келуі, Құрманғазыдан алған тәлімі және шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Динаның қазақ күй өнеріндегі орны мен өзіндік орындаушылық шеберлігі туралы айтылды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнеріне арналған әдебиеттерден «Күй анасы – Дина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Динаның «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Байжұма», «Жігер» сияқты күйлері туралы мәліметтер берілді. Шара соңында қатысушылар қазақтың күй өнері – халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы екендігін айтып, Дина Нұрпейісованың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
«Күй анасы – Дина» тұлғатану сағаты ұлттық өнерді ұлықтап, оқырмандардың күй өнеріне деген қызығушылығын арттырған тағылымды шара болды.








