Астанада 500-ге жуық студентке есірткі қылмыстарының қаупі түсіндірілді

    Астанада 500-ге жуық студентке есірткі қылмыстарының қаупі түсіндірілді

    Елорда колледждерінде бірінші курс студенттеріне есірткі қылмыстарына тартылу қаупі түсіндірілді.

    Астанада колледж студенттері арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Полиция қызметкерлері бірінші курс студенттерімен кездесіп, қауіпсіздік, саналы таңдау және жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу мәселелерін түсіндірді.

    Профилактикалық дәрістер Техникалық колледжде, Жұмабаев атындағы колледжде және Сервис және туризм колледжінде өтті. Кездесулерге барлығы 500-ге жуық студент қатысты.

    Полицейлер жастардың үйінен жырақта жүрген кезде тап болуы мүмкін қауіптерге, оның ішінде күмәнді табыс көздері мен заңсыз жұмыс ұсыныстарына ерекше тоқталды.

    Кездесулер барысында студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Сондай-ақ жұмыс туралы ұсыныстарға мұқият қарап, заңдылығына күмән келтіретін әрекеттерге келіспеу қажеттігі ескертілді.

    Полиция қызметкерлері сырт көзге зиянсыз көрінетін "қосымша жұмыс" туралы ұсыныстың өзі құқыққа қайшы әрекетке тартудың тәсілі болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан кез келген ұсыныстың мән-жайын алдын ала тексеріп, ықтимал салдарын бағалау маңызды.

    Профилактикалық кездесулер жалғасады. Полиция қызметкерлері жұмыс аясында елорданың барлық колледждерін қамтуды жоспарлап отыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары