Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

    2026 жылғы 29 қыркүйекте аудандық мәслихаттың төрағасы С.Т. Баумағанбетовтыңтөрағалық етуіменаудандық мәслихаттыңXLIV сессиясы өтті, оғанаудан әкімі аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелербасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарыныңөкілдеріқатысты.

    Бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Р. Елжанова сөз сөйледі. Бюджетті нақтылау көзі бұрын бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламаларын қайта бөлу болды.

    Екінші мәселе бойынша А.Р. Елжанова«Дипломмен ауылға»бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын алуға мамандар салаларының кеңейтілген тізбесіндегі өзгерістермен таныстырды!»,«Мұрағат дело»және«Ақпараттық технологиялар»мамандықтары қосылды.

    Мәслихат аппаратының басшысы С.Қ. Майәмірова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес аудандық мәслихаттың «Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу, округтіксайлаукомиссияларына 13 кандидатты және шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларына 14 кандидатты енгізу туралы ұсыныс енгізді.

    Басқа да мәселелер қаралды.

    Талқылау барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан бекітті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары