
2026 жылғы 23–24 қыркүйекте басшының орынбасары А. Мұқанова және МӘС әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы С. Туралиева Тасқала және Бәйтерек аудандарында медициналық ұйымдардың өкілдеріне арналған медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша семинарлар өткізді.
Семинар барысында МӘС жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау мәселелері, сондай-ақ МӘС-ке сырттай проактивті жолдау тәртібі қаралды.
Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, медициналық құжаттарды дұрыс рәсімдеу және азаматтарды МӘС-ке жолдаудың практикалық аспектілері түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медициналық ұйымдар мамандарының МӘС мәселелері бойынша білімін жетілдіру, заңнама талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету және азаматтарды сараптамаға жолдау сапасын арттыру.








