
Қажетті құжаттардың үлгілік нұсқасы Ұсынымдарға 3-қосымша
Ұлытау облыстық мәслихатыныңдепутаттарын сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің
орнынабір мандатты аумақтықжаңа мүшелерді сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы хабарлайды.
Саяси партия округтік сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап 13 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1.белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2.округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3.саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4.кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары және кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаты болуға тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған Ұлытау облыстық мәслихаты орналасқан Ұлытау облысының аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі қамтылуы тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 13 қазанға дейін дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ұлытау облыстық мәслихаты
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы
Мәслихаттың орналасқан жері: Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы, 1, 10 қабат.
Жауапты тұлға –Карахметов Медет Сламулы, қызметтік телефон: (8710 2)60-03-21, электрондық пошта:[email protected]
Ұсынымдарға 5-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс,Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:
_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетінсалаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар
□мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
□сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін;
□сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;
□сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),
оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін.
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихатдепутаты,әкім,өзге дежергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарыныңсудьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәнінесауалдар жіберу үшінменің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»_____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы«____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________
Ұлты * _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі_____________________________________________________________________________
Мамандығы_________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері_____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Мен:
-мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
-мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*.
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстарытуралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
1. |
әкесі | |
2. |
анасы | |
3. |
ұлы | |
4. |
қызы | |
5. |
ағасы | |
6. |
әпкесі | |
7. |
атасы | |
8. |
әжесі | |
9. |
немересі | |
10. |
жұбайы(зайыбы) |
Ұсынымдарға5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс,Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар_______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент,мәслихатдепутаты, әкім,өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәнінесауалдар жіберу үшінменің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»_____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________
Ұлты * _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі_____________________________________________________________________________
Мамандығы_________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері_____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстарытуралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарыныңтегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
11. |
әкесі | |
12. |
анасы | |
13. |
ұлы | |
14. |
қызы | |
15. |
ағасы | |
16. |
әпкесі | |
17. |
атасы | |
18. |
әжесі | |
19. |
немересі | |
20. |
жұбайы(зайыбы) |






