СПОРТ – ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК КЕПІЛІ!

    СПОРТ – ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК КЕПІЛІ!

    Павлодар облысы Железин ауданындағы Береговой негізгі жалпы білім беру мектебінің базасында педагогтер арасында волейболдан ауданаралық жарыс өтті.

    Спорттық шараның басты мақсаты – педагогтер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дәріптеу.

    Жарысқа аудан мектептерінің педагогтері қатысып, командалық рух пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін көрсетті. Ойындар тартысты өтіп, қатысушылар белсенділік пен спорттық шеберліктерін танытты. Достық кездесулер өзара қолдау мен көтеріңкі көңіл күйге толы болды.

    Іс-шара барысында еңбек ардагері, тәжірибелі ұстаз Владимир Викторович Литвинюк педагогтерге ақжарма тілегін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан қатысушылар грамоталармен марапатталды.

    Мұндай спорттық шаралар педагогтердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп қана қоймай, әріптестер арасындағы өзара сыйластық пен ұжымдық бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары