Астанада ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Астанада ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    3–4 қазанда Астанадағы ипподром аумағында (Қарқаралы көшесі, 1) сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

    Жәрмеңкеге Өскемен қаласы мен облыстың 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

    Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады: бал - 60 тонна; шұжық өнімдері - 6,5 тонна; сүт өнімдері - 10 тонна; өсімдік майы - 25 тонна; балық және балық өнімдері - 9 тонна; мал және құс еті - 37,5 тонна; қымыз және ұлттық өнімдер - 2 тонна; алкогольсіз сусындар - 500 литр; панты өнімдері - 0,5 тонна ұсынылады.

    Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 150,5 тоннаны құрайды.

    Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен бағада сатылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары