Шахтинск қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың отырысы және XXXII кезектен тыс сессия өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Шахтинск қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың отырысы және XXXII кезектен тыс сессия өтті

    2026 жылғы 28 қыркүйекте Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы және Шахтинск қалалық мәслихатының XXXII кезектен тыс сессиясы өтті.

    Күн тәртібінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған өзекті мәселелер, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды.

    Негізгі мәселелердің бірі – Шахтинск қаласы мен Долинка, Новодолинский және Шахан кенттерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу болды. Өзгерістер енгізу қажеттілігі салық түсімдерінің нақтылануына, облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер көлемінің өзгеруіне, сондай-ақ бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлу қажеттілігіне байланысты туындады.

    Аталған мәселе бойынша ақпаратты «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Э.И. Федюшкина ұсынды.

    Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары