Сырттай проактивті куәландыру: азаматтың жеке өтінішінсіз мемлекеттік қызмет қалай көрсетіледі

    Сырттай проактивті куәландыру: азаматтың жеке өтінішінсіз мемлекеттік қызмет қалай көрсетіледі

    Кейбіржағдайларда медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жеке бармай -ақ медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге болатынын білесіз бе?

    Куәландырудыңбұл форматы сырттай проактивті деп аталады .

    Сырттайпроактивті куәландыру барлық нозологиялар бойынша жүргізілмейтінін атап өту маңызды. Заңмен бекітілген нозологиялардың тізімі бар. Бүгінгі күні сырттай проактивті форматта куәландыру 23 нозология бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде барлық психикалық бұзылулар, онкологиялық аурулар, барлық анатомиялық ақаулар, қан айналымы жүйесінің жекелеген аурулары, балалардағы 1 типті қант диабеті, туберкулез және басқа да бірқатар аурулар бар .

    Сырттай проактивті форматтың басты артықшылығы -көрсетілетін қызметті алушыға тек медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті - медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жеке бару талап етілмейді .

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай форматта Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен келген эксаумақтық сарапшылар жүргізеді. Куәландыру медициналық ұйымдардан электрондық түрде интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы келіп түсетін иесіздендірілген медициналық құжаттар негізінде жүзеге асырылады .

    Бұлретте сарапшылар тек медициналық ақпаратты-мамандардың тексерулері мен қорытындыларының нәтижелерін көреді. Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты , туған күні және тұратын өңірін қоса алғанда, паспорттық деректері оларға қолжетімсіз.

    Мұндайтәсіл көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, бұл қабылданатын сараптамалық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді .

    Сондай-ақ , бұл формат облыстың шалғай аудандарында тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін өте ыңғайлы, өйткені оларға медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін облыс орталығына келу талап етілмейді.

    Қостанайоблысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай проактивті форматы 2021 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілді .

    Бүгінгі күні көрсетілетін қызметті алушылардың 53% - дан астамы сырттай форматта куәландырудан өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары