
Абай облысының Бесқарағай ауданында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орынды ластау фактісін тіркеді.
Ер адам темекі шеккеннен кейін темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оның бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Әкімшілік материал сотта қаралды. Сот шешімімен ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Абай облысы Полиция департаменті қоғамдық орындардың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады. Тіпті темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастамай, белгіленбеген жерге лақтырудың өзі белгіленген талаптарды бұзу болып саналады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.









